Димаштың концертіне шетелден 10 мыңнан аса көрермен келді
844
Астанадағы Ұлттық музейде «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімде Димаштың анасы Светлана Айтбаева көрменің әншінің жанкүйерлеріне арнап ашылғанын айтты.
Алдымен Димаштың барлық жанкүйеріне алғыс айтамын. Бұйырса, қыркүйек айының 13-14-і күндері үлкен концерті жоспарланған. Димаштың 150-ден аса мемлекетте фан-топтары бар. Сол концертіне 10 мыңнан аса жанкүйер келді деген статистиканы алдық. Сол кісілерге өздерінің берген сыйлықтарының қаншалықты маңызды, біз үшін аса қадірлі екенін көрсеткіміз келді, – деді ол.Көрме Димаштың өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар береді. Сондай-ақ онда танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйердің әншіге берген сыйлықтары қойылған.
Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін тәрбиелік мәні бар көрме, мектеп оқушылары үшін өте қызық болады деп ойлаймыз. Көрмені талмай еңбектенсе, білім алса, оқыса, талпынса, үлкен-үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатынының көрінісі деп санаймыз, – деді Светлана Айтбаева.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...