Динара Сәтжанға үйленген кәсіпкердің бірінші әйелі кім?

Динара Сәтжанға үйленген кәсіпкердің бірінші әйелі кім?
17.04.2025 20:01
0
46
Фото: Caravan

TikTok желісінде танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бірінші әйелінің суреті тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жақында ғана журналист әрі қоғам қайраткері Динара Сәтжанмен некелескен Жанықұловтың бұрынғы отбасына қатысты мәліметті Динара есімді TikTok қолданушысы жария еткен.

Бейнежазбада кәсіпкердің бұрынғы жарының аққұба, көрікті келіншек екені айтылып, оның төрт ұл мен бір қыздың анасы екені көрсетіледі.

«Жұмабекке 4 ұл, 1 қыз туып берген аққұба, сұлу әйелі», – делінген видеода.

Кәсіпкердің отбасылық мұрағатынан алынған суреттерден құралған бейне бірнеше сағат ішінде 300 мыңнан астам қаралым жинап үлгерді.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда:

«Әдетте ер адамдар жас қызға үйленуші еді, бұл кісі керісінше екен», «Бірінші әйелі Динарадан да сұлу сияқты», «Бес баланың көз жасы оңайлықпен кешірмейді», «Динараға қатты ұқсайды екен» — деген сынды пікірлер жазылды.

Айта кетейік, Жұмабек Жанықұлов пен оның бұрынғы жарының ажырасуына не себеп болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий