Динара Сәтжанның неке жүзігі 150 млн теңге тұратыны анықталды

Динара Сәтжанның неке жүзігі 150 млн теңге тұратыны анықталды
28.04.2025 18:50
0
178
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның некелесу рәсіміндегі образы мен әшекейлерінің құны көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Естеріңізде болса, Динара Сәтжан елге танымал меценат Жұмабек Жанықұловпен отбасын құрды. Оның неке қию рәсіміне таңдаған образы жайлы блогер Жансая Махамбаева жан-жақты мәлімет берді.

Тележурналист киген шапан өзінің сән дүкенінен алынған және оның бағасы 450 мың теңгені құраған. Ақ түсті көйлегі - 200 мың теңге. Ал сырғасының құны 7 миллион 430 мың теңге екен.
Сондай-ақ ол тағып шыққан алқаның бағасы 15 миллион 921 мың теңге болса, толықтай гауһартаспен көмкерілген білезік 26 миллион 930 мың теңгеге бағаланады. Сақинасының құны - 17 миллион 100 мың теңге, ал әйгілі Cartier брендінің тағы бір сақинасы - 2 миллион 211 мың теңге тұрады.

Осы коллекциядан алынған басқа білезік бағасы - 6 миллион теңге. Бұдан бөлек тағы бір қымбат брендтен сатып алынған білезіктің құны - 2 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар оның қолын сәнге бөлеген Yana брендінің білезігі 6 миллион 908 мың теңге тұрады. Неке жүзігіне келер болсақ, оған аса ірі гауһартас орнатылған және оның құны - 150 миллион теңге екен.
Жалпы алғанда, Динара Сәтжанның бұл образы мен әшекейлерінің құны 235 миллион 836 мың теңгеге жеткен, деді блогер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий