«Дінге бет бұрған». Гүлзира Айдарбекова Сырым Исабаев туралы айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кезінде сахнаға алып шыққан әнші Сырым Исабаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, Сырым өзін өнерден уақытша шеттетіп, дінге бет бұрған.
"Сырым «Мен жоқ болып кетіп, қайтадан жарқырап шыққым келеді» деп жиі айтатын. Кейін намаз оқып, бизнеске қызығып кетті. Бұл – өз таңдауы. Бірақ сыйластығымыз үзілген жоқ. Жақында Шымкентке келіп, өнерге қайта оралғысы келетінін айтты", – деді продюсер.
Сондай-ақ, Айдарбекова өнер адамдарының танымал болған соң өзгеріп кететінін де атап өтті.
"Кезінде «АльЗаБи» деген топ құрдым. Бірақ ұзаққа бармады. Себебі, мүшелері ерке балалар еді. Ұлым Заңғар да сонда болды. Олар айтқанға көнбеген соң, топты тараттым. Бірақ ешқайсысына қысым көрсеткен жоқпын", – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





