Діни блогер оқушы қыздарға тиісті
Әлеуметтік желіде өзін діни контентпен танытатын блогер Әлихан Тасмұхан мектеп оқушыларының «тым еркінсіп кеткенін» айтып, дабыл қаққан болатын. Алайда оның айтқандары көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kzақпарат порталы.
Блогердің айтуынша, мектеп формасы сақталмайды, қыздар «қысқа юбка киіп, боянып алады», ал ұлдардың дені темекі шегеді. Тіпті оқушылардың бір бөлігі ЛГБТ туралы сұрақтарға «нейтрально» жауап бергеніне қынжылғанын жазған.
Әлихан Тасмұхан ата-аналарды да айыптап, «балаларға дұрыс бағыт бермейді, тым еркіндік берген» деп сынға алды. Ол тіпті «мектептерді өзім барып тексергіім келеді» дегендей мәлімдеме жасаған.
Алайда желі қолданушылары блогердің бұл сөзіне мүлдем келіскен жоқ. Көпшілік оның жазбасын екіұдай пікірге толы, тым даурықпа, әрі жастарды кінәлауға бейім деп қабылдады.
«Оқушылар туралы айтпаған сен қалып едің», «Өзіңнің балаларыңды тәрбиелеп алсаңшы», «Мынау енді тым асыра сілтеу ғой», – деп жазды пайдаланушылар.
Кейбіреулер блогердің постын «айқайға басылған морализаторлық» деп бағалап, қоғамдағы тәрбие мәселесін тек оқушыдан іздеу – қате екенін айтты. Өйткені мектептегі тәртіпке қатысты сұрақтар – жүйелі, жан-жақты қаралатын сала.
«Жастардың бәрін жаппай темекі шегеді деу – артық. Боянып келетіндер бар шығар, бірақ бұл мәселені байбалам салмай, педагогтар мен ата-аналар бірігіп шешуі керек», – деген пікірлер де көп болды.
Көпшілік Тасмұханның жазбасын «жастарды ұялту арқылы мәселені шешкісі келетін кезекті блогердің хайпы» деп бағалап, шынайы тәрбие – айқаймен емес, үлгімен берілетінін еске салды.
Соңғы жаңалықтар