Домбыраны «харам» деген ақтөбелік қамауға алынды

28.04.2026 12:27 Әсел Мұрат
Домбыраны «харам» деген ақтөбелік қамауға алынды
277
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында домбыраны «харам» деп атаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның домбыра туралы айтқан сөзі тарады.

«Құрметті қазақ елі, домбыраға қарсы сөйлеген болсам, кешіріп қойыңыздар. Алайда ханафи мазхабында ішекті аспаптар «харам» болып есептеледі», - деді ол.

Ақтөбе облысы полициясының хабарлауынша, ер адамға қатысты діни араздықты қоздыру фактісі бойынша іс қозғалған.

«Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның кім екені анықталып, ұсталды», – деп хабарлады полиция.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий