"Досы жоқ, фотоға түспейді". Журналист жоғалған отбасы ісіне күдікті туралы сұмдық дерек айтты

09.01.2026 11:50 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1831
Фото: qamqor.gov.kz

Журналист Гүлмира Әбіқай Атыраудағы трагедияға күдікті Сұлтан Сәрсемалиев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

”Атырауда ұшты-күйлі жоғалып, артынан өз үйінен мәйіттері табылған қылмысқа басты күдікті күйеу баласы болып тұр. Сұлтанның жасы 29-да. Ешкіммен араласпайды, досы жоқ, көршіге жабық, намазхан. Әйелі тек күйеуіне бағынады. Ақбаянды ауылдастары мүлдем танымайды, көршілері жүзін көрмеген. Күйеуі ешқашан фотоға түспеген, ешкімде суреті сақталмаған. Соңғы кезде әйелінің де әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарын өшірткізген. Апта бұрын осы тақырыпты көтергенде осы өңірде адасып, соғыс ошағына баратындар көп деп жаздым. Болжамым алдамапты. Жіптің ұшы Индонезияның Бали аралына апарды.
Сұлтанның ойында не барын, жоспары мен мақсатын құзырлы орган анықтар. Мен әйелі Ақбаянға жаным ашып, жүрегім ауырып тұр", деп жазды ол.

Сонымен қатар, әйелі туралы да біршама дерек келтірген,

"Ақбаянның жасы 30-да, 5 баланың анасы. Кенжесін былтыр босанған. Әпкесі Әсилә “Жүктілік алдында бірнеше рет операция жасап, денсаулығы әлсірегенін айтады. 5-шісін босанған соң мінезі күрт өзгеріп, послеродовой депрессияға түсті. Жүйкесі тозған, әбден шаршаған, бір нәрсе айтсаң мәңгіп басқа нәрсе ойлап тұрады. Жағдайы күннен күнге күрделенуде, бір сөзбен өзіне өзі ие емес. Күйеуі жын кірді деп оны әрлі-берлі тасып жүрді. Біздің әу баста іздемеген себебіміз де осы, баяғы емге кетті деп ойладық…” деп көзіне жас алды Әсилә апай.
Өте қиын жағдай…
Желіде марқұмдардың пайғамбар жасын атап өткен видео жүр. Мирамгүл мен Наурыздың дімкәстігі сезіледі, мұндай жандарды оңай арбап, ертіп кетуге болады. Ішінде еті тірі бір баласы Аяқбаян еді, енді ол да намазхан күйеуімен бірге өмірден адасып жүр…
Қайбір жетісіп Балиге қыдырып кетті дейсің, бәлкім шекарадан да шықпаған шығар?! Тіпті, күйеуінің не бүлдіріп, не ойлап жүргенін де білмейтін шығар? Сезіктенсе де сұрауға батпады, қорықты…
Әйтпесе, видеодан қарасаң 5 баланы оңай тастап кете баратын жанға ұқсамайды.
Адасқан еркек әйелді баладан, баланы ата-анадан айырды. Қанша жерден әжесі бағып жатыр дегенімен бір жастан асқан сәбиге тек АНА КЕРЕК!
Өзінің әйеліне, өзінің 5 баласына жаны ашымаған адам қайын енесі мен атасына жаны аши ма?
Ақбаян аман болса екен”, — деп жазды журналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий