"Дружба" құбыры жабылмақ: Ресей Қазақстан мұнайын Германияға өткізуді тоқтатады

21.04.2026 16:41 Арман Ермеков
340
Politico.kz|ЖИ арқылы жасалған сурет

Алдағы 1 мамырдан бастап Ресей "Достық" (Дружба) құбыры арқылы Қазақстаннан Германияға баратын мұнай тасымалын тоқтатпақ, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Reuters бұл жаңалықты мұнай саласындағы құпия үш дереккөзге сүйеніп жариялады. Олардың мәліметінше экспорттың тоқтатылатыны жайлы жаңа кесте Қазақстан мен Германия билігіне алдын ала жіберілген. Бұл жағдай Мәскеу мен Берлин арасындағы саяси байланыстың нашарлауымен тікелей байланысты делінген.

Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұнай экспортын тоқтату туралы шешімнен мүлдем бейхабар екенін жеткізді.

«Біз бұл ақпаратты тексеруге тырысамыз», – деді Песков журналистерге.

2025 жылы Қазақстан осы "Достық" құбыры арқылы Германияға 2,146 млн тонна мұнай жөнелткен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 44 пайызға көп және біздің шикізат Германияның ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірін қамтамасыз етіп отыр. Еуропа елдері 2022 жылы соғыс басталған соң ресейлік мұнайдан бас тартып, оның орнын Қазақстан шикізатымен толтыруға көшкен болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий