Дубайға келген қазақ қыздары араб жігітін сұрайды – хиджабтағы қыз
1913
Әлеуметтік желіде хиджабтағы қыздың арабқа әйел болғысы келетін қыздар туралы айтқан видеосы қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өзін Назира деп таныстырған. Айтуынша, Дубайда гид қызметін атқарады екен.
Дубайға келетін қазақ қыздарының сұрағы қандай деп ойлайсыз? Әрине, «Арабтарды қайдан табуға болады?» және «Қазақ қыздарын тұрмысқа ала ма?» деген сұрақпен келеді, - дейді ол.Сол сұрақтың жауабын да эфирде отырып алып, өзі бере салды.
Негізі арабтар алады қазақтарды. Бірақ сіздер бірінші әйел болмайсыздар. Бірінші әйелді атастырып қойған қатарларынан алады. Екінші, үшінші, төртінші әйелге дайын болсаңыздар, әрине, үйленуге болады. Бірақ оларға заң жүзінде танысуға болмайды бұл мемлекетте. Instagram-нан табады, даладан табады. Өздеріңіз көзбен белгі беріп, «я свободно, танысуға дайынмын» деген қыздармен олар танысады, – деді.Дегенмен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмір Қазақстандағыдан әлдеқайда басқаша.
Бірақ бұл жақтың өмірі біздікіндей емес. Бұл жақта екеу, үшеу, төртеу боласыздар. Олардың ата-анасына барасыздар. Біздікіндей жұмысы 7-де аяқталса, 7 жарымда үйде отырып, семейный быть болмайды. Ол қалаған уақытында келеді. Түнгі 11-де, 12-де, 3-те келе ме... Өйткені сіз жалғыз емессіз. Екіншісі, үшіншісі, төртіншісі бар, - дейді оранған қыз.Бейнежазбаның астындағы пікірлердің басым бөлігі оның арабтарды «жарнамалағанын» жақтырмаған сыңайда жазылып жатыр. Фото: in.pinterest.com
Соңғы жаңалықтар
28.08.2026
23:19
«Сұлудың жоқ дегенін сыйла”: Әділет Жауғашар да...
28.08.2026
22:22
Непалдағы жойқын тасқынның салдары ауыр: 550-де...
28.08.2026
21:30
«Сарбаздың құны 100 мың теңге ме?»: Алматыда бұ...
28.08.2026
20:42
Бақытжан Базарбек комадағы Нұржігіт туралы күтп...
28.08.2026
19:49
Ескерту жасағаны үшін: Петропавлда пациент дәрі...
28.08.2026
19:03
ШҚО-да алаяқтық үшін сотталған ер адам түрмеден...