ТЖМ комитет басшысы түнгі уақытта шу шығарды ма: полиция жауап берді

14.10.2026 • 09:51 Әсел МҰРАТ
ТЖМ комитет басшысы түнгі уақытта шу шығарды ма: полиция жауап берді
148
Фото: gov.kz

Желіде Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев түн ортасында жанжал шығарды деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жайтты журналист Михаил Козачков жариялап, шенеуніктің жұбайымен сөзге келіп қалғанын, ал көршілер мазасы қашқан соң тәртіп сақшыларын шақырғанын жеткізді. Оның айтуынша, лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылуы мүмкін.

Астана қалалық полиция департаменті тілшімізге тұрғындар тарапынан тыныштықты бұзу фактісі бойынша шағым келгенін растады, алайда құқықбұзушының кім екенін ашып айтпады.

Полиция дерегінше, шағым түскен мекенжайға барған патрульдік полиция азаматтың кім екенін анықтап, оған түнгі тыныштықты бұзғаны әрі қоғамдық орында ішімдікке мас күйінде болғаны үшін әкімшілік шара қолданған. 

Тәртіп сақшылары өз кезегінде «заң бәріне ортақ» екенін еске салды. 

Дегенмен, жауапқа тартылған азаматтың нақты Ерлан Төрегелдиев екені әзірге ресми түрде расталған жоқ.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий