«Некедегі әйелге көз салатын есалаң емеспін». Актер Олжас Абай отбасын бұзды деген айыпқа жауап берді

14.10.2026 • 09:17 Мөлдір ҚАЙНАР
«Некедегі әйелге көз салатын есалаң емеспін». Актер Олжас Абай отбасын бұзды деген айыпқа жауап берді
63
Фото: коллаж politico.kz

Танымал актер Олжас Абай желіде өзіне тағылған айыптар мен сынға қатысты өткір жазба жариялап, көпшілікке жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі өзін «өзгенің отбасын бұзды» деп кінәлап, негізсіз жала жапқандарға шүйлікті.

«Бір семьяны неге бұзасың? деген жандарға айтарым. Оу, ағайын! Өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып, мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, “молодец” деп қошемет көрсетіп, енді аяқ астынан біржақты ойлайтын адамның “қызғанышына” сеніп, менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді, адамға деген шынайы қарым-қатынасымды жерге таптамаңдар. Некедегі әйелге ажыраспай жатып көз салатын мен не, басында миы жоқ ессіз, есалаң дейсіңдер ме? “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” деген бар қазақта. Біреудің фантазиясын басымнан асырып отыра алмайды екенмін», — деп ашынды актер.

Сондай-ақ ол бұл мәселенің соңына дейін баратынын және негізсіз сұхбат беріп қаралаған тараптың жауап беретінін ескертті.

«Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның “жан-жағын кінәлап берген” сұхбаты үшін адам алдында да, ар мен заң алдында да жауап беретін кезі болады. 15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың миллиондаған қошеметіне бөленіп, Дариғадай мінезді мықты актрисамен серіктес болып жұмыс істеп, жетістікке қол созған мен бұл жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүремін, ары қарай да жүре беремін. Актер ұлдарыңыз – Олжас Абай», — деп түйіндеді сөзін өнер иесі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий