Еңбекшіқазақ ауданының 54 елдімекені 5 жылда газға қосылады
433
Бұл туралы бүгінгі өткен көшпелі баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алтай Досымбаев айтты.
Брифингте бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Оның бірі - ауылдарды газдандыру. Қазіргі таңда аудандағы 64 елдімекеннің 14%-ы ғана газға қосылған немесе 25 мың абоненттің 8,7 мыңы ғана көгілдір отынмен қамтылған.
"Ауқат Инвест" атты жеке инвестор компаниясы 5 ауылға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын дайындап жатыр. Жоба құны аталған құжат әзір болғанда анықталады. Тағы 3 жобаға қаражат бөлінді. Сонымен қатар 54 елдімекенді толық қамту мақсатында осы компания инвестициялық жоба әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Алдымен жоғарыда аталған 5 ауыл, кейіннен кезең-кезеңімен қалған ауылдар көгілдір отынға қосылады. Бұл жоспар 5 жылға жалғасады. Газға қосылу бағасы шамамен 350 мың теңге болмақ”, - деді әкім.Сондай-ақ әкім көпқабатты үйлерді жылумен қамту үшін 16 блоктық-модульдық қазандықтар орналастыру жоспарланғанын айтты. Бүгінгі таңда 15-нің құрылысы аяқталды, 1-уінің құжатына өзгерістер енгізіліп жатыр. Аталған жоспар мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды