ЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат?
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Еуразиялық экономикалық одан елдерінің ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат екенін түсіндірді.
"Ақпан бойынша бізде инфляция деңгейі 9,5-9,7 пайыз болды. Оның ішінде 1,5-2 пайыз көлемінде кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттауын байқап отырмыз. Енді мұны қалай шешуге болады десек, ол үшін бізге өзіміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек. Қазір Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 тауар түрі бойынша бағаны қадағалап, ұстап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар.
Биылдың өзінде Қазақстан даму банкі және Аграрлық несие корпорациясы арқылы тамақ өңдеу өнеркәсібіне жобаларды қаржыландыру үшін 100 млрд-тан астам ақша бөлейін деп отырмыз", - деп жауап берді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, бұл бағытта инвестицияларды жыл сайын көтеру қажет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...