Эфирден алдырып тастадым – Ұлықпан Жолдасов

Эфирден алдырып тастадым – Ұлықпан Жолдасов
Фото: видеодан скрин

Әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan арнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасында қонақта болып өзін әнші деп санмайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Жолдасов әйгілі Димаш Құдайберген сияқтыларды ғана әнші деп айтатынын атап өтті.

«Мен – орындаушымын. Ал менің кішкентай ғана қоңыр дауысым бар. Қарапайым адамнан айырмашылығым, әнді таңдай аламын. Гитара қосылғандықтан халыққа жақсы өтті. Әйтпесе шетелге таныстыратындай мықты әнші емеспін. Кезінде «Тамашада» орындаған әнімді қайта қарап шығып, «жоқ, бұл менің әнім емес» деп, Ұлықпан Есенов ағамызға айтып, эфирден алдырып тастаған кездерім болды. Себебі ән маған сай келмеді», - деді өнер иесі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу