«Екі аптада 15 келіге арықтаса, 5 миллион теңге»: Сабина Мовлаева анасымен бәстесті
Танымал блогер Сабина Мовлаева анасымен жасаған ерекше бәсі жайлы видеоны әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz
Блогердің айтуынша, егер анасы екі апта ішінде 15 келіге салмақ тастаса, оған 5 миллион теңге сыйақы бермек. Сабина бұл бастаманың артында тек қаржылай қызығушылық емес, ең алдымен анасының денсаулығына деген алаңдаушылық жатқанын да атап өтті.
Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетіне түрлі пікір білдіріп жатыр. Көпшілік мұны мотивация мен қолдаудың ерекше үлгісі деп бағалауда.
«Бұл жай ғана арықтау емес, өз-өзіңе берген уәде», «Маған да осылай дем берсе ғой», «Анасы уәдесін орындап, 5 миллионды алады деп сенеміз», «Арықтаса да, арықтамаса да берсін» деген сынды пікірлер желіде жиі кездеседі.
Қалай болғанда да, Сабина Мовлаеваның бұл бастамасы көпшілікті бейжай қалдырмай, денсаулық пен мотивация тақырыбын қайта көтерді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...