«Екі дипломым бар»: Тұрсынбек Қабатовтың жары өзі жайлы тың дерек айтты

16.01.2026 09:46 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Екі дипломым бар»: Тұрсынбек Қабатовтың жары өзі жайлы тың дерек айтты
0
89
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман әлеуметтік желіде өзі туралы көпшілік біле бермейтін мәліметтермен бөлісіп, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz

Айман парақшасында оқырмандарынан жиі келетін сұрақтарға жауап беріп, білімі мен кәсіби жолы жайлы ашық жазды.

«Қандай мамандық иесісің, қайда оқыдың, немен айналысасың деп сұрайтын жандар көп. Айта кетейін: менің режиссер және педагог-хореограф мамандықтары бойынша екі дипломым бар. Сонымен қатар театрда балет әртісі болып қызмет атқарғанмын. Қазіргі таңда ауқымды жобалар мен концерттер ұйымдастырумен айналысамын. Иә, мен қазақтың қарапайым қара домалақ қызымын», – деп жазды ол.

Айманның бұл жазбасына желі қолданушылары жылы пікірлерін білдірді. Көпшілік оның қарапайымдылығы мен жан-жақтылығын ерекше атап өтті.

«Әдемілік пен нәзіктік үйлескен табиғи жан екенсіз», «Жан-жақты, қарапайым адам екеніңіз көрініп тұр», «Жүзіңізден әлі де баладай аңғалдық пен тазалық сезіледі» деген пікірлер жиі кездеседі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий