«Екі елдің игілігіне жұмсалуын қадағалаймын»: Трамп Венесуэланың АҚШ-қа мұнай беретінін айтты

07.01.2026 16:45 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Екі елдің игілігіне жұмсалуын қадағалаймын»: Трамп Венесуэланың АҚШ-қа мұнай беретінін айтты
0
702
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың уақытша билігі Құрама Штаттарына 30-50 миллион баррель мұнай беруге келіскенін хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол өзінің Тruth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Венесуэланың уақытша билігі Америка Құрама Штаттарына 30-дан 50 млн баррельге дейін жоғары сапалы, пайдалануға рұқсат етілген мұнай беретінін хабарлауға қуаныштымын. Бұл мұнай нарықтық бағамен сатылады, ал мен Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде бұл қаражаттың Венесуэла мен Құрама Штаттар халқының игілігі үшін пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін оларды қадағалаймын! Мен энергетика министрі Крис Райтқа бұл жоспарды дереу жүзеге асыруға кірісуін тапсырдым. Мұнай сақтау кемелерімен тікелей Құрама Штаттарындағы түсіру айлақтарына жеткізіледі», — деп жазды АҚШ президенті.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда АҚШ Венесуэлаға қарсы операция бастап, президент Николас Мадуро мен оның әйелін тұтқындады.
 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий