Екі министр болмайды: Жасанды интеллект министрлігі Цифрлық даму министрлігінің базасында құрылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин жаңадан құрылатын Жасанды интеллект министрлігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, екі бөлек министрлік болмайды, яғни екі министр тағайындалмайды. Жаңа мекеме қазіргі Цифрлық даму министрлігінің негізінде құрылады.
«Бізде бір ғана министрлік бар — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Осы министрліктің негізінде жаңасы құрылады, сондықтан екі министр болмайды, бір ғана министр болады. Ол кім болатыны менің құзыретіме кірмейді», — деді Қаныш Төлеушин журналистерге.
Еске сала кетсек, Жасанды интеллект министрлігін құру туралы тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында берген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...