«Екі рет ажырастым»: күйеуінің опасыздығын айтқан блогер мәлімдеме жасады

Блогер Салтанат Аманқосқызы күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтып, бұл жағдайды хайп үшін жасамағанын мәлімдеді. Ол өз парақшасында эмоцияға толы жазба қалдырып, өзінің шынайы сезімін білдірді.
«Халқым, мен ешқандай хайп жасап отырғаным жоқ. Жүкті кезімде осындай опасыздыққа тап болғаныма күйіндім. Бұл бір апта бұрын болған жағдай... Сол жерде нүкте қойылды. Маған да екінші рет ажырасты деген атақ оңай емес. Іштей өртеніп барамын. Бірақ көзге шөп салғанды кешірмеймін», — деп жазды блогер.
Салтанаттың жазбасы желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға себеп болды. Бірі оның батылдығын атап өтсе, енді бірі жеке өмірін жария ету дұрыс емес деп сын айтты. Дегенмен, көпшілік әйелдің эмоциясын, оның ауыр күйін түсіністікпен қабылдап, оған қолдау білдірді.
Соңғы жаңалықтар




