Екібастұзда әйелі күйеуін көңілдесімен ұстап алып пышақтап өлтірді

10.01.2026 09:42 Арман Ермеков Арман Ермеков
Екібастұзда әйелі күйеуін көңілдесімен ұстап алып пышақтап өлтірді
0
1667

Екібастұз қаласында отбасылық жанжал соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz

Оқиға 2026 жылдың 9 қаңтарында орын алды. Біздің дереккөздерге сүйенсек, қылмыс Энергетиктер көшесі, 40 мекенжайында болған. Әйел күйеуін көршісімен көңіл қосқан кезде ұстап алған. Жанжал кезінде әйел жұбайына пышақ сұғып, оны сол жерде өлтірген.

Оқиғаның жалғасы кіреберістегі бейнебақылау камерасына түсіп қалады. Бейнеде қан-жоса болған көршісінің сатымен төмен қарай қашып, бұрышқа құлағаны көрінеді. Артынша оны қуа шыққан әйелі жерде жатқан көршісіне тағы да бірнеше рет пышақ сұғып, басын еденге ұрған.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған қанды оқиғаны растады.

«2026 жылғы 9 қаңтарда полицияға Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде болған оқиға туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал барысында (болжам бойынша алкогольдік масаң күйде) жанжалға қатысушылардың біріне бірнеше жерден пышақ жарақаты салынып, салдарынан оның оқиға орнында көз жұмғанын анықтады. Сонымен қатар, тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий