Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Екібастұз қаласы М. Әуезов көшесі 24 мекенжайындағы қоқыс жәшігінен әйел адамның бөлшектелген мәйіті салынған бірнеше қап табылған, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы жергілікті пабликтер жазды. Желіде тараған ақпарат бойынша пәтерлердің бірінен әйелдің денесінің бір бөлігі, қалған бөлігі қоқыстан табылған.
Пәтердің есігін құтқарушылар бұзып кіруге мәжбүр болған. Оның ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті (аяқ-қолының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылған.
Павлодар облысының полициясы бұл оқиға бойынша түсініктеме берді. «Адам өлтіру» фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы мен қылмысқа не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген полиция хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...