Экология министрі уәдесін орындап, көлігін 5 минутта қыздырды
Ерлан Нысанбаев көлікті 5 минутта қыздыруды дәлелдеді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бірнеше күн бұрын көлікті түнде далада қалдырып, таңертең 5 минутта қыздыруға уәде берген еді. Министрдің "эксперименті" көрсетілген бейне министрліктің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Видеода министр көлік рөлінде, қозғалтқыш жұмыс істеп тұр, аспаптар тақтасында ауа температурасы – минус 17 ℃ көрсетілген, ал кадрда смартфондағы таймер уақытты санауда.
"Көзқарастар әртүрлі, бірақ жалпы 50 градусқа дейін қыздыру жеткілікті деген пікірдемін. Бірақ бір шарт бар: егер қозғалтқыштың температурасы 50 градусқа жетсе, жолға шыққаннан кейін алғашқы бес минут баяу жылдамдықта жүру керек", – деді министр видеода.
Төртінші минутта министр қозғалтқыштың жұмсақ жұмыс істей бастағанын айтты, ал бес минут өткен соң көлігін жүргізіп кетті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...