Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
15.10.2025 14:46
0
95
Фото: ашық дереккөз

Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 15 қазан. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған болатын.

Жаңа бөлім меңгерушісі туралы не білеміз?

Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Ол еліміздің экономика және қаржы саласында мол тәжірибе жинақтаған білікті маман.

Білімі:

Нұрлан Байбазаров Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолы:

Өзінің еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінде бастап, онда 2003 жылға дейін қызмет етті.

2004-2011 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық қызметтерде болды, атап айтқанда инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

2013-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментіне басшылық етті.

2016-2022 жылдары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қазанына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқармасын басқарды.

2023 жылдың қазанында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2024 жылдың ақпанында Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі қызметіне кірісіп, осы жылдың желтоқсанына дейін осы лауазымда болды.

Нұрлан Байбазаров отбасылы, жұбайы Әлия Байбазарова екеуі алты баланы тәрбиелеп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий