Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты сұмдық дерек тарады

09.02.2026 16:18 Әсел Мұрат
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты сұмдық дерек тарады
196
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айгүл Сайлыбаева

Бұқаралық ақпарат құралдарында Германияда қаза тапқан қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты істің жаңа мән-жайлары тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Сайлыбаевтар отбасының адвокаты Telegram-дағы BAZA арнасына берген мәліметінде, Айгүл 2015 жылы Ұлыбританияда Александр Донцовпен танысқанын айтйлған. Бірнеше жылдан кейін екеуі үйленіп, қызы дүниеге келген. Уақыт өте келе отбасындағы қарым-қатынас бұзылып, жанжал жиілей түскен.

Заңгердің айтуынша, Айгүл мен енесі Наталья Донцованың арақатынасы тіпті ушыққан. Бұрын тергеуші әрі нотариус қызметін атқарған Наталья Донцова 2018 жылы ЛДПР партиясынан Мәскеу мэрі сайлауына үміткер ретінде қатысқан. Дәл сол кісі ұлы мен келінін Германияға көшуге мәжбүрлеген көрінеді.

2024 жылдың 4 маусымында Айгүл хабар-ошарсыз кеткен. Қазақстандағы туыстары онымен байланыса алмаған, ал күйеуі әйелінің қайда екенін түсіндіре алмаған. Бір аптадан астам уақыт бойы полиция мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жергілікті көл маңынан бөлшектенген мәйіт табылған. Сараптама оның Айгүл Сайлыбаева екенін растады. Сонымен бірге, марқұмның жүкті болғаны анықталған.

Бір қызығы, Айгүл жоғалған түннің ертеңінде Наталья Германиядан бір сөмкемен ғана ұшып кеткен. Әуежайдағы камералар оның қолы жарақаттанғанын да тіркеген.

Алайда күйеуі Александр Донцов тергеушілердің назарын аса аудартпаған. Марқұмның заңгері мұны ақылға қонбайтын жағдай деп атап, Донцовты кейін күдіктілер қатарынан алып тастауға қолданылған баптың ұрланған мүлікті жасыруға қатысты екенін айтады. Төрт ай бойы ол әйелін «жоғалтқаны» үшін айына 1200 еуро алып отырған. Жәрдемақы тоқтаған соң, қызын ертіп өзі де Ресейге ұшып кеткен.

Осыдан кейін ғана 4 маусымда болған оқиғаның «сұмдық» жайты ашылған: БАҚ-та Донцовтардың үйінен өшірілген қан іздері және Натальяның іздері бар ықтимал қылмыс құралы табылғаны жазылады.

Адвокаттың нұсқасы: сұмдық жайт күні не болды?

Адвокаттың ықтимал нұсқасына сәйкес, сол күні Айгүл күйеуінің қызына жасырын түрде Ресей азаматтығын рәсімдеп жатқанын біліп қалған. Жанжал кезінде күйеуі Айгүлді итеріп жіберген, ол басын соғып, есінен танып қалған. Донцов оны өлтіріп алдым деп ойлап, анасына хабарласқан.

Адвокаттың айтуынша, Айгүл есін жиған кезде Донцовтар белгілі бір әрекет жоспарын құрып үлгерген. Айгүл қарсылық танытып, енесін жаралап та үлгерген: Наталья оны пышақтаған болуы мүмкін. Соңында Айгүл басынан ауыр затпен соққы алып, көз жұмған. Мұның бәрі олардың қызының көз алдында болғаны, ал бала көрген сұмдықтан кейін бірнеше күн сөйлей алмай қалғаны да айтылады.

Адвокаттың сөзінше, аутопсия ұорытындысында мәйітті бөлшектеуге тырысқаны көрсетілген. Бөлшектенген денені бір жарым апта мұздатқышта сақтаған. Одан кейін Александр көл маңындағы кәріз құбырына тығып кетпек болған, бірақ 16 маусымда еріктілер сол жерден Айгүлдің мәйітін тапқан.

«Істегі басты айғақтар – пәтерде  және күйеуінің жертөлесінде, енесіің көлігінде табылған қан іздері. Сонымен қатар, Айгүл мен Наталья Донцованың ДНҚ-сы бар ықтимал қылмыс құралы да табылған», - делінген BAZA Telegram арнасында.

Қазір күдіктілер қайда және отбасы нені талап етеді?

БАҚ мәліметінше, қазір Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Оның ұлы Александр да Мәскеуде, ол Ұлттық зерттеу университеті – Жоғары экономика мектебінде жұмыс істейді.

Айгүл Сайлыбаеваның отбасы болжамды қылмыскерлерге қатысты сот өтуін талап етіп, істің әділ қаралуына қол жеткізгісі келеді.

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

Айгүл Сайлыбаева – Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы.

Ол 2024 жылдың маусым айында байланысқа шықпай, Германияда жоғалып кеткен еді. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Оның із-түзсіз жоғалғанына уайымдаған туыстары Айгүлдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, Франкфурт-на-Майндегі Қазақстанның Бас консулдығына жүгінген.

Сол уақытта оның енесі де жоғалып кеткен. Германия тергеу органдары енесін негізгі күдікті ретінде қарастырған.

Марқұмның денесі 2024 жылы 16 маусымда Бенсхайм қаласының шетіндегі Эрлахе карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Сараптама оның пышақ жарақаттарынан қаза тапқанын анықтаған. Сондай-ақ Айгүл Сайлыбаеваның жүкті болғаны белгілі болды.

Күдікке ілінгендердің қатарында марқұмның күйеуі Александр Донцов бар. Марқұмның анасы оның әйелінің жоғалғаны туралы полицияға хабарламағанын айтады. Тергеу мәліметінше, дәл осы адам мәйітті тасымалдауы мүмкін. Сонымен қатар ықтимал сыбайлас ретінде туысы Владимир Василенко да аталады. 

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

Кейіннен марқұмның күйеуі Александра Донцова мен оның анасы Наталья Донцова Мәскеу қаласында ұсталып, полицияға жеткізілгенін қазақстандық адвокат Мұрат Адам мәлімдеді. Оның айтуынша, Александра Донцова мен оның анасы Мәскеу қаласындағы құқық қорғау органдарына тапсырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий