«Экстремистік топпен байланысы бар»: Танымал көріпкел адам шошырлық дерек айтты 

07.01.2026 13:00 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Экстремистік топпен байланысы бар»: Танымал көріпкел адам шошырлық дерек айтты 
0
2017
Фото: ашық дереккөз

 Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен отбасы туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Жоғалған отбасы туралы танымал экстрасенс Камран Самедов өз болжамын білдірген. Алайда оның айтқан болжамдары көңіл көншітпейді.
Танымал журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында жақсы нәрсе айтпағанын атап өтті. Оның айтуынша, Камран Самедовтің болжамы өте қорқынышты. Сол себепті де толық мазмұны көпшілікке айтылмаған.

«Белгілі экстрасенс жоғалған отбасына қатысты жақсы нәрсе айтқан жоқ, қорқынышты… Лақ еткізіп оны баршаға мен де айта алмаймын», – деп жазды журналист.

Кейінірек көріпкелдің өзі журналиспен жазған хатының скриншотын жариялады. Хатта отбасы мүшелерінің бұл өмірде жоқ екені, трагедияның криминалмен байланысты екенін, жігіттің экстремистік топпен байланысы бар екені  көрсетілген. Бірақ көріпкел нақты қай жігіт туралы айтқаны белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесі ізім-ғайым жоғалып кеткен болатын.

Күні кеше полиция ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Күдіктілер анықталып іздестіріліп жатыр. 

Оқиғаның жантүршігерлік егжей-тегжейін журналист Жанар Молдашева бөлісті.

«Жазғы үйге екі үлкен кісіні өлтіріп, көміп тастаған. Үстіне білдірмей жатын жихазын қойған. Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында жоғалған отбасының үй иелерінің өлі денесі табылды», — деп хабарлады Молдашева Instagram парақшасында.

Жоғалған қалған екі адамды полиция іздестіріп жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий