Атырауда жоғалған отбасының денесі табылды

06.01.2026 19:19 Арман Ермеков Арман Ермеков
Атырауда жоғалған отбасының денесі табылды
0
5772

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасыға қатысты қайғылы дерек расталды. Қызылқоға ауданында іздеуде жүрген ерлі-зайыптылардың мәйіті табылып, полиция «Адам өлтіру» бабымен іс қозғады, деп хабарлайды Politico.kz

Атырау облыстық полиция департаменті ресми хабарлама жасады.

«Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады Атырау облысының ПД.

Оқиғаның жантүршігерлік егжей-тегжейін журналист Жанар Молдашева бөлісті.

«Жазғы үйге екі үлкен кісіні өлтіріп, көміп тастаған. Үстіне білдірмей жатын жихазын қойған. Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында жоғалған отбасының үй иелерінің өлі денесі табылды», — деп хабарлады Молдашева Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесі ізім-ғайым жоғалып кеткен болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий