Ел аумағында рұқсат етілген пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар
432
Қазақстанда субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар. Бұл туралы Алматыда өткен Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био- және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция барысында ФАО пестицидтерді басқару жобасының жетекшісі Салтанат Баешова айтты.
Мамандардың айтуынша, пестицидтерді биологиялық препараттармен алмастыру экологиялық проблеманың бірден бір шешімі.
Сарапшы ескірген және жарамсыз пестицидтер Қазақстан ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.«Жобаға қатысушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда біз тіркеу кезінде көптеген факторларға назар аударамыз. Белгілі болғандай, елде пайдаланылған және тіпті субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіпті пестицидтер бар. Оларды пайдалану ұлттық заңнамамен реттеледі, бірақ дамыған елдерде ескерілген көптеген критерийлер назардан тыс қалып отыр. Біз фермерлерге нарықта бар қауіпсіз баламаларды іздеу үстіндеміз. Өткен жылы алма бақтары мен қырыққабат, қызанақта алқаптарына сынақ жүргіздік. Нәтиже әртүрлі. Биологиялық қорғау әдістерін қолдану арқылы пестицидтерді 70%-ға дейін азайтуға болатынын атап өткім келеді», - деді Салтанат Баешова.
ФАО пестицидтерді басқару жөніндегі аға техникалық кеңесшісі Стефан Робинсонның сөзінше, ескірген пестицидттерді жою өте қиын.«Бүгінгі конференцияның маңызы зор. Себебі, бұл мәселені шешуіміз керек. Топырақтың ластануы ауыл шаруашылық өнімдеріне, ет пен сүтке түседі», - деді ол.
Бұған дейін елімізде пайдалану мерзімі өткен 6 мың тонна пестицид барын жазған едік. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың қаңтарында Римде ФАО бас директоры Цю Донгюмен кездесуінде Қазақстанда Орталық Азия үшін ФАО-ның субөңірлік кеңсесін құруды ұсынған болатын.«Әрине, миллиондаған гектар жерді тазарту соншалықты оңай шаруа емес. Сонымен қатар, мұндай пестицидтерді жағу өте қымбат әдіс. Сондықтан бүгінгі конференцияда біз әлемде бар және алдағы 10-15 жылда қазақстандық фермерлер қолдана алатын балама қолжетімді әдістерді талқылап жатырмыз», - деді Стефан Робинсон.
Соңғы жаңалықтар
16.03.2026
19:11
Шымкенттегі аудан әкімінің үстінен іс қозғалды
16.03.2026
18:09
Оралда жатақханадан бір адамның мәйіті табылды
16.03.2026
17:16
Үш бала мен әкенің өлімі: сот жүргізушіні ақтады
16.03.2026
16:31
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
16.03.2026
16:28
Дана Нұржігіт тың жаңалығымен бөлісті
16.03.2026
15:51
Атырауда күйеуі әйелін пышақтап өлтірді