Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатыса ма? Спортшы шешімін айтты
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов кәсіби мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті, деп хабарлайды Politico.kz.
33 жастағы спортшы үшін Лос-Анджелестегі Олимпиада оның мансабындағы төртінші Олимпиада болуы мүмкін. Сметов қалған мүмкіндігін барынша пайдаланып, дзюдодан жаңа нәтижелерге қол жеткізгісі келетінін айтты.
«Төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін үлкен спорттағы мансабымды жалғастыруды шештім», – деді Елдос Сметов.
Дзюдошы өз өміріндегі «алтынды тапқан жері» спорт, ал нақтырақ айтқанда дзюдо екенін атап өтті. Ол осы спортта әлі де өзіне тиесілі нәтижелерге қол жеткізгісі келетінін жеткізді.
Сонымен қатар Сметов жоғары нәтижелерге жету жолында денсаулығын құрбан етіп жатқанын да айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...