Елдос Сметов Қазақстанға оралып, отандастарына өтініш жасады

Елдос Сметов Қазақстанға оралып, отандастарына өтініш жасады
Фото: Olimpic.kz

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды. Ол отандастарына үндеу жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қазақстандық дзюдошы Астана тұрғындарын 9-11 мамыр аралығында өтетін Grand Slam турнирінде спортшыларды қолдауға шақырды.

«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызға қайырлы күн! Мен Астанаға келдім және сіздерді ертең басталатын турнирді қолдауға шақырамын. Біздің спортшыларға бірге қолдау көрсетейік. Мен елордаға спортшыларымызды қолдау үшін арнайы келдім», - деді Сметов. 

Елдос Сметовтың өзі жарысқа қонақ ретінде қатысады. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу