Елеусіз қалды деген Нариман Құрбанов қазір 2 пәтер мен 2 көлік иеленіп отыр
671
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралған алматылық спортшыларды марапаттады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерболат Досаев Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер – дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбайды және нысана көздеуден сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.
Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Талант, табандылық және еңбекқорлықтың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті ісіңіз бен туып-өскен еліңізге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісісіздер, - деді әкім.Содан кейін Ерболат Досаев Нариман Құрбановқа екі бөлмелі, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті берілді. Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге, Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйланды. Олимпиадада ел намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды. Кездесуде олимпиадашылар алматылықтар мен бүкіл Қазақстан халқының қолдауын сезінгенін, жарыс кезінде жігерін жанып, жеңіске жетелегенін айтты. Сондай-ақ олар қала басшысы Ерболат Досаевқа назардан тыс қалдырмай, әкімдік тарапынан көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді. Еске сала кетсек, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында алматылық спортшылар 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған болатын. Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
13:17
Танымал қазақ журналисі өмірден өтті
01.05.2026
13:01
Ерболат Бекшенов ҰҚК тергеуіне ілікті
01.05.2026
12:26
"Концерттен бір тиын пайда жоқ": Роза Әлқожа өн...
01.05.2026
12:12
Баласының көзінше әйелін пышақтап өлтірген экс...
01.05.2026
11:03
Шенеуніктер салмағын бақылауға міндетті ме
01.05.2026
10:46
Павлодар облысында 26 жастағы ер адам туған қыз...