Елімізде бір жылда баспана бағасы 25,8%-ға өсті
Бір жыл ішінде (2022 жылғы тамыздан 2021 жылғы тамызға дейін) пәтерлерді қайта сату бағасы 25,8%-ға, жаңа тұрғын үйді сату – 18,1%-ға өсті. Сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу ақысы 31,8 пайызға өсті.
2022 жылғы тамызда пәтерлерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,1%-ға төмендеді. Ыңғайлы баспананың жалға алу ақысы 12,4%-ға қымбаттады, – делінген бюроның ресми сайтында.Қазақстанда тамыз айында жаңа тұрғын үйді қайта сатудың орташа бағасы 1 шаршы метрге 425,6 мың теңгені құрады. Пәтерлерді қайта сату – 1 шаршы метрге 469,8 мың теңгені, ал жайлы тұрғын үйді жалға алу – 1 шаршы метрге 4 мың теңгені құрады. Тамыз айында жаңа тұрғын үйді қайта сатудың ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді: 1 шаршы метр үшін 556 мың теңге. Пәтерлерді қайта сату бағасы бойынша да елорда көш бастап тұр: 1 шаршы метр үшін 640 мың теңге. Ең қымбат тұрғын үйді жалға алу Алматыда – 1 шаршы метр үшін 4 мың 920 теңге. Дереккөз: BAQ.KZ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...