Еліміздегі алғашқы АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды
Еліміздегі алғашқы АЭС-ке «Балқаш» атауын 800 қазақстандық ұсынған. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Бұл маңызды фактор болды, комиссияның шешіміне қазақстандықтардың ең көп дауыс саны негіз болды», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.
Айтуынша, алғашқы АЭС құрылысы 2029 жылы басталады деп жоспарланып отыр.
Агенттік төрағасы нақты уақытты айту мүмкін еместігін атап өтті. Ресейлік жобаның мақсатты мерзімі - 2029 жыл, жобалау және зерттеу жұмыстары келесі жылы жалғасады, деді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салады. Ол Балқаш көліне жақын орналасқан Үлкен ауылының маңында болады.Еліміздегі алғашқы АЭС-ке «Балқаш» атауы берілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...