Еліміздің қай өңірінде алимент төлеуден жалтарғандар көп
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли еліміздің қай өңірінде алимент төлеуден жалтарғандар көп екенін айтты.
«2023 жылы алимент өндіріп алу туралы 326 328 атқарушылық іс жүргізілді. Оның 16 197-сі күрделі өндірістер болды. 7 545 алимент бойынша 3 айдан астам берешек ерікті түрде ішінара өтеледі. Ал 8 652 алимент бойынша берешек мүлдем өтелмейді. Ал олар бойынша берешек сомасы 20,7 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, жыл басынан бері алимент өндіріп алу туралы 291 392 атқарушылық іс жүргізіліп жатыр. Оның 12 345-і күрделі өндірістер саналады. 7 323 алимент бойынша 3 айдан астам берешек ерікті түрде ішінара өтеледі, ал 4 689 алимент бойынша берешек мүлде өтелмейді. Берешек сомасы — 14,6 млрд теңгеге тең», — деді Талғат Уәли.
«2023 жылмен салыстырғанда оң динамиканы атап өткен жөн. Мәселен, Алматы облысында күрделі алименттердің жалпы саны 1 822 өндіріске кеміп, 4 401 өндірісті, Қарағанды облысында 897 өндіріске кеміп, 1 502 өндірісті, Астана қаласында 475 өндіріске азайып, 2 277 өндірісті, Алматы қаласында 183 өндіріске қысқарып, 1 328 өндірісті құрап отыр», — деді ресми өкіл.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...