«Елуге келіп мойындадым»: Тоқтар Серіков сахнада әйеліне деген сезімін ашық айтты

10.12.2025 09:53 Айсұлу Мұрат
«Елуге келіп мойындадым»: Тоқтар Серіков сахнада әйеліне деген сезімін ашық айтты
0
74
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева

Танымал әнші Тоқтар Серіков көпшіліктің алдында жұбайы Бейбіт Сейдуалиеваға қатысты жүрекжарды мойындау жасап, ерекше сәт сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі осы уақытқа дейін жарына арналған әндерінің аз болғанын айтып, оны сахна үстінде өтеуді жөн көргенін жасырмады.

«Осы күнге дейін Бейбітке “саған арнадым” дейтін әндерім көп емес. Ол да өнер адамы, бәрін жүрегімен қабылдайды. Елу жасқа келіп, елдің алдында мойындап отырмын. Бүгін қыздарыңыз Бейбіттің құрметіне “Ең әдемі келіншек – әлемдегі” әнін арнағым келеді», — деді Тоқтар Серіков.

Әншінің бұл қадамы көрерменнің жүрегінен орын тауып, залдағылар мен желі қолданушылары жылы ықыласын аямады.

«Тоқтар мен Бейбіт – өнерде де, өмірде де үлгі болатын жұп», «Бір жастықта қартайсын, көз тимесін», «Бейбіт бақытты әйел, өзіне арналған әні бар», «Елуге келсе де, Тоқтардың дауысы әлі бабында», «Барлық ер-азаматтарға үлгі болды», — деп жазды көпшілік.

Желіде тараған бұл сәт көпшілікке отбасы құндылығы мен ер азаматтың шынайы мойындауы қандай болатынын тағы бір рет көрсетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий