Ең белсенді Мәжіліс депутаттарының рейтингі жарияланды
Мәжіліс депутаттарының белсенділік рейтингі жарияланды, деп жазады POLITICO.KZ.
Астана. 15 қазан. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев 2025 жылдың қаңтар–маусым айларындағы Мәжіліс депутаттарының сауал жолдау белсенділігіне арналған рейтингін жариялады.
Қорытындыға сәйкес, ең көп депутаттық сауал жолдағандар қатарында Азат Тұрлыбекұлы Перуашев пен Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев - әрқайсысы алты айда 17 сұрау жолдаған.
Олардың артынан:
- Ерубаев Серік Сәрсенұлы - 14 сұрау;
- Магеррамов Магеррам Мамедович - 13 сұрау;
- Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы пен Саурықов Ерболат Байұзақұлы - 12 сұрау;
- Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы - 10 сұрау;
- Сағандықова Ажар Бақытқызы, Таңсәуле Серіков және Ирина Владимировна Смирнова - 9 сұрау;
- Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы - 8 сұрау;
- Ермұрат Бәпи, Ерлан Саиров, Ерболат Сатыбалдин, Бауыржан Смағұлов, Екатерина Смышляева, Жұлдыз Сүлейменова және Мақсат Толықбаев - 7 сұрау;
- Бәйтілесов Нұрсұлтан, Балабиев Қайрат, Барлыбаев Ерлан, Бейсенбаев Елнұр, Дайрабаев Жигули, Жұбанов Әділ - 6 сұрау;
- Базарбек Бақытжан, Баққожаев Анас, Ергешбаев Мұрат, Исабек Данабек, Қошмамбетов Айтуар, Нұралин Асылбек, Сабильянов Нұртай, Сәдібеков Ұласбек, Тұрлыханов Дәулет - 5 сұрау;
- Әбден Қарақат, Алтай Аманжол, Амантай Жарқынбек, Арсютин Николай, Әуесбаев Нұрлан, Әшімбетов Нұржан, Бейсенғалиев Берік, Дементьева Наталья, Ескендіров Мұқаш, Құспеков Олжас, Назаров Ардақ, Нұрым Гүлдара, Пономарев Сергей, Сайлаубай Наурыз, Сейітжан Кенжеғұл, Смолякова Екатерина - 4 сұрау;
- Әбдиев Ерлан, Аймағамбетов Асхат, Жаңбыршин Еділ, Керімбек Болат, Қожасбаев Руслан, Құспан Абзал, Кучинская Юлия, Қырықбаев Темір, Мұқаев Дәулет, Тумашинов Лұқбек - 3 сұрау;
- Егізбаев Серік, Зайыт Ринат, Иса Қазыбек, Қалықов Арман, Нәжметдинұлы Болатбек, Нұртаза Самат, Тау Нұргүл - 2 сұрау;
- Әбіл Еркін, Авершин Константин, Адамбеков Тілектес, Әлішев Қазыбек, Бәшімов Марат, Бексұлтанов Құдайберген, Берденов Руслан, Зейнуллин Аян, Ізмұхамбетов Бақтықожа, Қасқарауов Данияр, Құспан Айгүл, Мәмбетов Еркебұлан, Наумова Динара, Рахымжанов Асхат, Стәмбеков Ерлан, Сұңқар Ислам, Қожаназаров Айдарбек, Шапақ Үнзила - 1 сұрау.
Саясаттанушы бұл рейтингті бұрынырақ есептеп қойғанын, бірақ енді ғана жариялап отырғанын атап өтті.
Анықтама үшін: Сұрау - бұл депутаттардың мемлекеттік саясат, заңнама, әлеуметтік сала және өзге де мәселелер бойынша сұрақтармен, ұсыныстармен, шағымдармен немесе түсініктеме беру туралы өтінішпен жүгінуі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...