«Ең керемет әке»: Мұрат Бисембиннің қызы жүрек тебіренткен жазба жариялады
1459
Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы әлеуметтік желіде әкесіне арналған әсерлі жазбасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Politico.kz
Ол жеке парақшасында әкесіне қатысты естеліктерімен бөлісіп, орны толмас сағынышы мен ауыр қайғысын ашық жеткізді. Жазбада әкесіне деген махаббат, құрмет пен сағыныш айқын сезіледі.
Бұл жазба желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік марқұм актерді жылы естеліктермен еске алып, қызына қолдау білдіріп, көңіл айту пікірлерін жаудырды.
Пікірлер арасында:
«Мәңгілік жадымызда қалады, тұтас бір дәуірдің үні мен аңызы», «Үздік актер, мейірімді әке, нағыз аңыз», «Иманды болсын», «Диана, сабыр берсін, бұл қайғыны сөзбен жеткізу мүмкін емес» деген жазбалар көптеп кездеседі.
Марқұм Мұрат Бисембиннің өнері мен адамгершілік болмысы көрермен жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...