«Ең қымбат жасау ма?» Қалыңдықтың ата-анасы жас жұбайларға құны 300 млн теңгелік үй сыйлады
Әлеуметтік желіде ұзату тойынан түсірілген видео кеңінен таралып жатыр. Онда қалыңдықтың ата-анасы қызы мен күйеу баласына шамамен 300 млн теңге тұратын үйді жасау ретінде сыйлағаны көрсетілген, деп хaбарлайды Politico.kz.
Видеода қалыңдықтың ата-анасы жасауымен бірге жас жұбайларға толық дайын үйдің кілтін табыстайды. Видео авторларының айтуынша, баспананың құны шамамен 300 млн теңгеге бағаланады.
Кейінірек видеода үйдің ішкі көрінісі де көрсетілген. Баспана толық жөндеуден өткен, жаңа иелеріне тек жиһазын қойып, қоныстану ғана қалған.
Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, қымбат сыйлыққа қатысты пікірлерін білдірді.
«Күйеу жігіттің бағы жанған екен», «Өте әдемі. Жас отбасы бақытты болсын!», «Міне, өмірлік сыйлық деген осы», – деп жазған олар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...