Енді 2 жыл коллектор сізді мазаламайды. Алаяққа алдансаңыз, несиеңіз кешіріледі
296
Тоқаев заңға қол қойды.
Елдің қарызы көбейіп кетпеу үшін бірқатар ережелер енгізілді,-деп хабарлайды politico.kz
90 күннен асқан берешегі бар азаматтарға тұтынушылық несие беруге тыйым салынады. Алайда қарызды қайта қаржыландыруға бұл тыйым жүрмейді. Әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына өсімпұл есептелмейді. 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың қарызын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынды. 2026 жылғы 1 мамырдан бастап коллекторлық агенттіктерге қойылатын талап шарттары қатаңдатылады. 2026 жылғы 1 мамырдан бастап, несие алушы берешегін 24 ай кешіктіресе ғана істі коллекторларға беруге болады. Банк омбудсманы пайда болады. (Бұған дейін ол тек ипотекалық шарттарға қатысты дауларды қарайтын). Енді құзіреті кеңейді. Қарыз алушы омбудсмандармен келіскен жағдайда, шешімдерді қаржы ұйымдары орындауға міндетті. Омбудсмандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкердың өтініштерін қараған кезде кепілге алынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға тыйым салынады. Сондай-ақ осы санатқа жататын азаматтар бұған дейін міндеттемені орындамағанына байланысты банк балансына өтіп кеткен жалдамалы баспанасын сатып алуға құқылы. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады. Азаматтардың банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі жеңілдетілді. Алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн қарыздар бойынша міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді. Алаяқтардың ықпалымен рәсімделгенін дәлелдейтін сот актілері бар берешектер Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап кешіріледі.Соңғы жаңалықтар
14.05.2026
10:10
Оралда полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді
14.05.2026
09:01
Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұ...
14.05.2026
08:32
«Ұрып өлтіріп, жасырып қоймақ болған»: Қызылорд...
13.05.2026
23:19
Алматы ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды
13.05.2026
22:34
“27 жастан асқандарды әскери дайындыққа жіберед...
13.05.2026
21:37
БҚО-да ер адамды интим суреттерімен бопсалаған ...