Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыртуға болады
688
Ел азаматтарына мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Politico.kz.
Азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылды. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекен жай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.
ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады.
Пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «Жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет.
Сондай-ақ өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысқа шығады. Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сервистерді жетілдіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған дейін біз жеке менеджерлер арқылы ХҚКО-да басым кезек арқылы қызмет алу мүмкіндігін іске асырған едік. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын үйге шақыртып, қызметті үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұл уақыт үнемдегісі келетін азаматтар үшін өте ыңғайлы сервис, - деді Азаматтарға арналған үкіметтің Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Айта кетейік, Конституция күні - 30 тамыз, жұма күні халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді. Фото: Osken-onir.kz
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...