Енді пойыздар мен ұшақтарда интернет пайда болады
Қазақстанның республикалық және облыстық тас жолдарында, пойыздар мен ұшақтарда интернет пайда болады. Бұл туралы вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
Оның айтуынша, шалғай елді мекендер спутниктік байланыс жобалары арқылы интернетпен қамтылып жатыр.
«Қазір Қазақстанда спутниктік интернет қызметін көрсететін үш оператор жұмыс істейді. Жақын арада тағы екі шетелдік компания нарыққа шығады. Оларды биыл сынақтан өткізу жоспарланған. Сондай-ақ биыл «Қазақстан темір жолы» пойыздарында және Air Astana әуе компаниясының ұшақтарында спутниктік интернет іске қосылады», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...