«Енемнің аяғын жуамын»: қазақстандық актриса елді ойландырды
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жастар театрының актрисасы Динара Нұрболат LEP podcast бағдарламасына берген сұхбатында жүрегіндегі сырын ақтарып, желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі анасына көрсетуді армандаған қамқорлығы мен құрметін енесіне арнағысы келетінін жасырмады.
— «Енемнің аяғын жуып, батасын алғым келеді. Себебі анамның аяғын жиі жуа алмадым. Өзім шомылдырдым, бірақ іштей әлі де қарыздар сезінемін. Анама жасай алмаған барлық жақсылығымды енеме жасағым келеді», — деді актриса.
Бұл сөздер желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді. Бірі актрисаның ниетін жоғары бағалап, келінге тән ізгі қасиет деп қабылдаса, енді бірі бұл ойды түсіне алмағанын жасырмады.
«Енелер келініміз осындай болсын деп емес, қызымыз сендей болсын деп тілеңдер», «Мынадай келіннен айналып кетесің», «Бар келін осындай болса ғой» деп жазса, кейбірі «асыра айтылған» деп сын да білдірді.
Сондай-ақ Динара Нұрболат «Келінжан» телехикаясынан кейін халыққа кеңінен таныла бастағанын да атап өтті.
Соңғы жаңалықтар