Энергетика саласында өзгеріс болмауы мүмкін - Смайылов
635
Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ел өңірлеріндегі электр желілерінің 65 пайызының тозығы жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ел экономикасының орнықты дамуы энергетика саласының тұрақты жұмысына тікелей байланысты. Қазіргі таңда электр энергетикасы үшін күрделі жағдай қалыптасып отыр. Өйткені, экономикаға қосымша энергия көздері қажет. Сондай-ақ, бұл саланың климатқа теріс әсерін азайту да оңай болып тұрған жоқ. Бұл – жаһандық дилемма, оның екі жаққа да тиімді балансын табу керек. Өздеріңіз білетіндей, климаттың өзгеруі – бүкіл әлемнің талқысына түскен ең өзекті проблемалардың бірі. Сондықтан, бүкіл әлем елдері электр қуатын жаңартылатын энергия көздерінен алуға күш салуда, - деді Үкімет басшысы.Смайыловтың айтуынша, бүгінде өндірілетін энергияның 80%-тен астамы көмір мен мұнай секілді қазба отындарынан алынып отыр.
Оның үстіне әлемдегі геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, алдағы уақытта бұл салада айтарлықтай өзгеріс бола қоймауы да мүмкін. Дегенмен, көмірқышқыл газын ауаға жібермей ұстап қалу және оны кәдеге жарату, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайту үшін жаңа технологияларды қолдануға басымдық берілуде, - деді ол.Премьердің сөзінше, алдағы уақытта экологиялық балансты сақтауға, жасыл желекті, орман алқаптарын көбейтуге барынша көңіл бөлінбек.
Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесін де шешу қажет. Мысалы, өңірлерде электр желілерінің тозуы шамамен 65% жеткен. Жылу электр орталықтарындағы жабдықтардың тозу деңгейі де осындай. Кейбір қалаларда бұл көрсеткіш тіпті 80% жетіп отыр. Сондықтан электр станциялары мен қазандықтардың жабдықтарын жаңартып, желілерді реконструкциялау қажет. Сонымен қатар, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін 2035-ші жылға қарай 10 ГВт-тан астам жаңа энергия қуаты қажет болады, - деді Әлихан Асқанұлы.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
02:35
"Ақшам ғана керек болды ма?". Нұржан Қалған өзі...
13.09.2026
02:03
Тарихшы: Алтын Орда мұрагерлерінің ішінде жалғы...
13.09.2026
01:22
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен...
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...