Ер адам жаңа туған сәбиін байқаусызда кір жуғыш машинаның ішіне салып, өлтіріп алды

Ер адам жаңа туған сәбиін байқаусызда кір жуғыш машинаның ішіне салып, өлтіріп алды
18.09.2025 11:04
0
238
pixabay.com

Германияда жаңа туған нәресте ата-анасының салғырттығы салдарынан кір жуғыш машинаның ішінде қалып, көз жұмды. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 35 жастағы Альбштадт қаласының тұрғыны, медбике Кларисса L. өз жүктілігін серіктесінен жасырған. 29 наурыз күні ол жуыну бөлмесінде босанып, сәбиді сүлгіге орап, кір жуғыш машинаның ішіне салған. Кейін бөлмені жинап, болған оқиғаны жасыруға тырысқан.

Қатты қан жоғалтқан әйел ауруханаға жеткізілген, алайда ол дәрігерлерге жүктілік пен босану туралы ештеңе айтпаған.

Нәрестенің әкесі де серіктесінің жүкті болғанын білмеген. Ол кір жууға кірісіп, ұнтақ пен кондиционер қосып, машинаны қосқан. Ішінде сәби барын ол білмеген. Жуу аяқталған соң, нәресте машинаның ішінен шыққанда ер адам өміріндегі ең ауыр соққыны бастан кешірген.

Қазіргі уақытта Кларисса қамауға алынған. Ол өз сөзінде жүктілікке күдіктенбегенін айтқан, себебі етеккірі тоқтамаған. «Қан кетті, кейін бала шықты. Мен қорықтым. Ол қимылдамады және дем алмады», — деген әйел тергеу барысында.

Дегенмен медициналық сараптама сәбидің тірі туғанын анықтады: салмағы 2888 грамм, бойы 51 см болған, дамуы қалыпты. Әкесі әлі күнге дейін психологтардың көмегін алуда.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий