Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының басшылық құрамына енді
2407
Қазақстан Республикасының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ресми ресурсында Директорлар кеңесінің жаңартылған тізімі жарияланды. Енді инвестициялық холдингтің стратегиялық шешімдерін қабылдауға Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі уақытта ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқаратын Ерболат Досаев та қатысатын болады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресми дереккөз мәліметіне сүйенсек, Ерболат Асқарбекұлы аталған құрылымның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде бекітілген. Осылайша бүгінгі таңда алқалы органның құрамы 7 адам мен 1 виртуалды жүйеден жасақталып отыр.
Кеңеске төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жүктелген. Басқарушы топтың қатарында Ерболат Досаевпен бірге қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов бар. Сондай-ақ маңызды шешімдерді қабылдауға тәуелсіз директорлар атсалысады. Олардың санатында белгілі қаржыгер Болат Жәмішев, шетелдік сарапшылар Вонг Хэн Файн, Сутера Лука және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи есімді азаматтар тіркелген. Соңғы болып директорлар кеңесінің құрамына SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) енгізілген.

Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...