Ердоған өзін «хунта басшысы» деп атаған Өзгюр Өзелді сотқа берді

Ердоған өзін «хунта басшысы» деп атаған Өзгюр Өзелді сотқа берді
09.04.2025 14:17
0
647
Mustafa Kirazli
Ердоған өзін қорлағаны үшін Өзелден өтемақы талап етті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзін «хунта басшысы» деп атаған оппозициялық Халықтық-республикалық партияның (CHP) жетекшісі Өзгюр Өзелге қарсы сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Иск ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау мақсатында сотқа жіберілген. Ердоғанның адвокатының мәлімдеуінше, Өзелден моральдық шығын үшін 500 мың түрік лирасы (шамамен 13 мың доллар) көлемінде өтемақы өндіріп алуды сұрап отыр. Сонымен қатар Анкара прокуратурасына мемлекет басшысын қорлау фактісі бойынша шағым түсірілген.

Өзгюр Өзел жуырда партия съезінде CHP төрағасы болып сайланған болатын. 6 сәуірде өткен митингте ол Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуның тұтқындалуына қатысты пікір білдіріп, биліктің бұл әрекетін «төңкеріс әрекеті» деп атады. Өзел өз сөзінде Ердоғанды саяси қарсыластарды қудалаумен және легитимділікті жоғалтумен айыптады.

Бұған жауап ретінде Ердоғанның жақтастары оппозицияның өзін «хунта» деп атады. Әділет және даму партиясының өкілі Өмер Челик Өзелді «саяси сауатсыздық» танытты деп айыптап, CHP-ның бұрын әскери үкіметтерді қолдағанын еске салды.

Түркиядағы саяси жағдай шиеленісіп тұр. Наурыз айының ортасынан бастап Имамоғлуның тұтқындалуына байланысты елде наразылық шерулері өтіп жатыр. Оппозиция өз жақтастарын босатуды талап етіп, наразылықты жалғастыратынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий