«Ерінбегеннің бәрі әнші»: Juzzefina-ның дебюті тыңдарманға жақпады

29.12.2025 15:51 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Ерінбегеннің бәрі әнші»: Juzzefina-ның дебюті тыңдарманға жақпады
0
69
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде танымал блогер Juzzefina шоу-бизнеске қадам басып, тыңдарман назарына алғашқы әндерінің бірін ұсынды. Ол желіге «Sennen bolek» атты жаңа туындысын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Жаңа ән жарық көрісімен-ақ желі қолданушылары бейжай қалмады. Бірі блогердің өнерге бет бұрғанын қолдаса, енді бірі туындыны қатты сынға алды. Әсіресе, әннің әуені мен стиліне қатысты пікірлер көп айтылды.

Кейбір көрермендер әнді плагиатқа балап, шетелдік орындаушылармен салыстырып жатыр.


«Өздерің бірдеңе ойлап табыңдаршы», «Doja Cat-тан ұрлап алған сияқты», «Дариға Бадыковаға ұқсап қалыпты», «Мына қарқынмен эстрадада кәсіби әнші қалмайтын шығар» деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ, Juzzefina-ның вокалдық қабілетіне күмән келтіргендер де табылды.


«Дауысы жоқтың бәрі әнші болды ғой», «Ұзаққа бармайтын ән», «Ерінбегеннің бәрі әнші», «Мұрнымен айтып жатқандай» деген пікірлер желіні шарлап жүр.

Айта кетейік, соңғы уақытта блогерлердің эстрадаға бет бұруы жиілеп, бұл құбылыс қоғамда жиі талқыланып келеді. Juzzefina-ның бұл қадамы да сол қатардағы көпшіліктің назарын аудартқан жағдайлардың бірі болды.

Ал блогердің өзі бұл сындарға қалай жауап беретіні әзірге белгісіз. Дегенмен, «Sennen bolek» әні желіде кеңінен талқыланып, көп қаралым жинап үлгерді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий