Ерке Есмахан мен Raim тағы да сүйінші сұрады
Танымал жұп Райм мен Ерке Есмахан ұлдары Исламның туған күнін атап өтіп, желіге жылы кадрларын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ерке Есмахан бұл қуанышты сәтті Instagram парақшасында бөлісіп, баласының өскеніне деген аналық қуанышын жасырмады.
Әншінің айтуынша, биыл олар туған күнді үй жағдайында, ең жақын адамдармен ғана атап өтуді жөн көрген.
“Бастысы баланың көңілі көтеріңкі болып, жанында жақсы көретін жандары болса жеткілікті”, — деп жазды Ерке.
Видео мен фотоларда кішкентай Исламның ата-әжесі, кіндік мамасы, нағашылары және тіпті күтушілерінің (няняларының) сыйлықтарын қуана ашып, таңғалып, мәз болып ойнап жүрген сәттері көрінеді. Жұптың жанкүйерлері сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, жылы лебіздерін қарша боратып жатыр.
Көпшілік Ерке мен Раймның отбасылық құндылыққа мән беріп, балаларының қуанышын қарапайым ортада атап өткеніне тәнті болғанын да жазуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...