Еркебұлан Тоқтар Әсел Сағатовамен қарым-қатынасына жауап берді

09.01.2026 08:19 Берік Арманов Берік Арманов
Еркебұлан Тоқтар Әсел Сағатовамен қарым-қатынасына жауап берді
0
188
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар Әсел Сағатовамен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz

Бұған желі қолданушыларының екі әртісті бір-біріне қосып, байланыстырғандары себеп болған. Осы орайда Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде пікір білдіруге мәжбүр болды.

"Мені осы уақытқа дейін кіммен қоспады?! Бірақ Әсел Сағатоваға қосып қойғандарың не? Ұят-ай! Мен ол кісімен түсірілім кезінде "Сәлеметсіз бе?" деп амандасамын ғой. Құдайда қорықпай, өтірік әңгемелер жібере береді екен мына тредсте". - деп жазды ол.

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары үнсіз қалмады.

"Қасқа! Кішкентай бала құсап ақталыпты", "Тағы кім бар еді қосуға болатын?", "Қыздармен қосып жүргендеріне шүкір десей", "Қазір кімменсіз сонда? Соны айтып кетсеңіз" деп жазды актердің жанкүйерлері.

Бұған актердың жауабы да дайын болып шықты.

"Жалғызбын қазір", - деп қысқа қайырды Е. Тоқтар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий