Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа арасындағы қарым-қатынас желіні шулатты

15.12.2025 15:40 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа арасындағы қарым-қатынас желіні шулатты
0
75
Коллаж: Politico.kz

Әлеуметтік желіде актер Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа  атымен танымал блогер Ақбота Нұрахынның арасында ерекше қарым-қатынас бар деген сыбыс тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бұған себеп  Еркебұлан Тоқтардың блогердің туған күніне арнайы келіп, әдемі гүл шоғын сыйлауы.

Желі қолданушылары бұл сәтті назардан тыс қалдырмай, екеуінің арасында сенім мен жақындық бар екенін жарыса жазуда. Кейбірі тіпті жұптың жақын арада ресми қарым-қатынасқа көшіп, үйленіп қалуы да мүмкін деген болжам айта бастады.

Алайда пікірлер біржақты емес. Бірі:
«Күшті пара», «Екеуі әдемі жарасады» десе, енді бірі:
«Ботаны кіммен ғана кездестірмедіңдер?», «Еркебұлан Ботаға қарамайды» деп күмән келтірген.

Сонымен қатар желіде «Бота ғашық сияқты, бірақ жараспайды», «Шетелде жүрген жігіт қайда кетті?» деген пікірлер де жазылып жатыр.

Қос тарап әзірге бұл сыбысқа қатысты ешқандай ресми пікір білдірмеді. Ал желі қолданушылары болса, бұл қарым-қатынастың жай достық па, әлде махаббат па екенін тағатсыздана күтіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий