Еркебұлан Тоқтарға қатысты барлығы күткен жаңалық жарияланды
Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Шахзод Узоковпен (Gold) жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Айқас Octagon промоушені аясында өтеді. Алдын ала жоспар бойынша, жекпе-жек биылғы наурыз айына белгіленген. Ақпаратты Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде растады.
Аталған кездесу жанкүйерлер арасында көптен бері талқыланып келеді. Бұған дейін қос спортшы да әлеуметтік желіде бір-біріне өткір пікір айтып, жекпе-жекке шақырған болатын.
Жуырда Gold лақап атымен танымал Шахзод Узоков Еркебұлан Тоқтар жайлы пікір білдіріп, қазақстандық файтерді бұрын мүлде танымағанын айтты.
Оның сөзінше, Тоқтардың әлеуметтік желідегі кейбір мәлімдемелері Өзбекстан спортшыларына қатысты айтылғандай қабылданып, осыдан кейін айқасқа деген қызығушылық артқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...